Өскеменде үш қаламгер Жазушылар одағының мүшелігіне өтті


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-09-2024, 13:11 0

Өскемендік үш қаламгер ҚР Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды.

Одақтың басқарма төрағасы Мереке Құлкенов Өскемен қаласындағы А. С Пушкин атындағы кітапханада Талғат Қашқынбаев, Оразай Жеңісұлы және Естай Жаңабайға мүшелік билеттерін тапсырды. 

Қазір Қазақстан Жазушылар одағы ШҚО филиалының құрамында 24 қаламгер тіркелген. Міне, олардың қатары жаңа буынмен толығып отыр. 

Сондай-ақ іс-шара аясында жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Әлібек Қаңтарбаев қаламгерлерге шығармашылық табыс тілеп, әдебиетке өміршең туындылар қосатынына сенім білдірді.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар