Өскеменде Абай күні аталып өтіледі


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-08-2024, 16:43 0

10 тамыз күні сағат 14.00-де Сол жағалау кешенінің аумағындағы Шығыс Қазақстан мұражай-қорығында «Абай – қазақ әдебиетінің сөз шебері» атты мерекелік іс-шара өтеді.
Шара барысында домбырашы Қуаныш Оралбаев пен мұражай-қорықтың «Белес» этно-фольклорлық ансамблінің орындауындағы концерттік бағдарлама ұсынылып, Абайдың әйгілі шығармалары: «Сегіз аяқ», «Торы жорға», «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем қаламқас» әндері шырқалады.
Сондай-ақ, «Қара сөзден» үзінділер оқылып, ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына арналған викторина мен қазақтың ұлттық ойындары ойналады. Ал А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қызметкерлері Абай шығармашылығы туралы кітап көрмесін ұсынады.
Іс-шара Шығыс Қазақстан мұражай-қорығының Сол жағалау кешеніндегі Абай үйінде өтеді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив