Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аяқталды

Олимпиаданың жабылу салтанаты кеше сағат 23:15-те болды. 

Әлішер Ерғали Қазақстан үшін медаль алып келуі мүмкін болған соңғы спортшы еді. Алайда балуан ирандық Әмір Азапиреге есе жіберді.

Нәтижесінде, Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарын жеті медальмен аяқтады.

Алтын:

— Елдос Сметов дзюдодан алтын медаль жеңіп алды.

Күміс:

— боксшы Нұрбек Оралбай,

— гимнаст Нариман Құрбанов,

— грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадыраев күміс иеленді.

Қола:

— дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев,

— боксшы Назым Қызайбай,

— нысана көздеушілер Александра Ле мен Ислам Сатпаев қола жеңіп алды.

Қазақстан ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола еншілеп, 206 мемлекет ішінен 41 орында тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button