Жаңалықтар

Өскеменде жәрмеңке өтеді

Ертең Өскеменде кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

21 қараша күні сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының (Жібек жолы көшесі, 44) аумағында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде Күршім ауданының фермерлері өз өнімдерін ұсынады. Табиғи әрі сапалы азық-түлік тауарларын тиімді бағамен сатып алуға болады.

Сонымен қатар, қала кәсіпкерлерінің қатысуымен «Дос-Нар» сауда үйінде (Виноградов көшесі, 17А) азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button