Глубокое ауданының су жүйесі жыл соңына дейін жаңартылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Винное ауылында Глубокое ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Кездесу барысында облыс әкімі аудан тұрғындарының Предгорное мен Алтайский ауылдары арасындағы жолдарды жөндеу мәселесін көтергенін атап өтті.

Нұрымбет Сақтағанов Глубокое ауданының әкіміне, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп, Предгорное ауылынан Алтайский ауылына дейінгі жолдарды жөндеу жөніндегі ұсынысты 4 тамызға дейін әзірлеуді тапсырды. 

– Мемлекет басшысының тапсырма бойынша осы жылдың соңына дейін барлық тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Аудан бойынша 37 елді мекен сумен қамтамасыз етілген, және сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 100  пайызды құрайды. Қазіргі таңда Бобровка ауылында 1,8 млрд теңгеге 6 шақырым су құбыры желісі жаңартылып жатыр. Сонымен қатар 7 ауылда 57 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Гребенюшко ықшамауданының тұрғындары су жүйелерін жөндеу мәселесін көтерген болатын. Осы жылы Белоусовка кентінде осы мәселелерді шешу үшін 70 млн теңге бөлінді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс әкімі  Глубокое ауданының әкіміне, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесе отырып, осы жылдың соңына дейін су құбырларын қайта құру жобасын сапалы әрі уақытылы аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button