Өскемендегі ескі үйлер адам танымастай болып өзгереді
Қаладағы ескі үйлердің қасбетін жаңартуға арналған жоба Өскемен әкімдігіне ұсынылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бүгінгі таңда қасбеттерді жаңартуға дайындық Әуезов даңғылы, 49, Нұрмағамбетов көшесі, 52, 55, Горький көшесі, 42-де жүргізілуде.
Өскемен әкімдігінің мәліметінше, егер Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйлер сыланған және боялған болса, онда олар талшықты цемент панельдерімен қапталатын болады. Сондай-ақ, балкондарды қаптап, қасбетте жарықтандыру жоспарланған.
Шартқа сәйкес барлық жұмыстардың аяқталу мерзімі-17 Қыркүйек.



