Шығыстың спортшылары Әлем чемпионатында топ жарды
Шығысқазақстандық спортшылар Алматы қаласында өткен грэпплингтен Әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Аталмыш турнир 28–29 маусым аралығында өткен. 14 елдің спортшылары қатысқан додада Қасым Қайсенов атындағы джиу-джитсу және грепплинг академиясы керемет нәтиже көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша шығысқазақстандық спортшылар төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
Алтын:
– Асылбек Темірбеков
Күміс:
– Нұркелді Қайырбек
– Асқар Берлібаев
– Мавлюд Мурадов
– Наргиз Қалижарова
Қола:
– Аслан Советов
– Чемпиондарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жарыс жарқын әрі ұмытылмас болды. Әрқайсыңмен мақтанамыз!, – делінген Қасым Қайсенов атындағы джиу-джитсу және грепплинг академиясының хабарламасында.



