Жаңалықтар

Күршім ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды

Күршім ауданы Құйған ауылдық округіне қарасты Құйған кентінде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды.

Өрт сөндіру бекеті жалпы саны 1 200 адамды құрайтын үш елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, Күршім ауданының басшылығы, ауылдық округтің әкімі, жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар қатысты.

– Бекет тәулік бойы қызмет атқаруға бейімделген. Ғимаратта өрт сөндіру техникасына арналған бокс, диспетчерлік бөлме, қызметтік және тұрмыстық бөлмелер қарастырылған. Бөлімше қажетті техникамен, байланыс құралдарымен және арнайы киім-кешекпен жабдықталған, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button