Жаңалықтар
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады
«ҚазАвтоЖол» ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін.
– Бүгін Ақмола, Абай, Ақтөбе, Атырау, Алматы Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Түркістан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін. Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз, – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.



