Самар ауданында 2 млрд теңгелік қонақүй салу жобасы қарастырылып жатыр
Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында туристік инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта ауданда құны шамамен 2 млрд теңге болатын жаңа қонақүй салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bizdiң Öskemen.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, қазір Самар ауданында туристерге қызмет көрсететін 71 демалыс базасы бар. Бұдан бөлек, тағы төрт нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оларды 2027 жылы іске қосу көзделген.
Туристердің демалыс орындарына қатынауын жеңілдету үшін жол инфрақұрылымына да көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, «Көкпекті – Самар – Васильев өткелі» бағытындағы автомобиль жолында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар Сарыбел және Новостройка ауылдарының маңындағы жағажай аумақтарын абаттандыру және инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар атқарылған. Байланыс нысаны орнатылып, аудан аумағында бес санитарлық нысан жұмыс істеп тұр.



