Жаңалықтар
Өскемендегі жаңа жолайрыққа «Мерген» орнатылды
Өскемендегі жаңа жолайрыққа «Мерген» камерасы қойылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұған дейін бұл учаскедегі жол қозғалысы дрон арқылы бақыланған еді.
– Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимін сақтауын бақылау мақсатында жаңа жолайрықтың Жібек маталар комбинаты ауданына қарай бағыттағы учаскесінде «Мерген» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осындай бейнебақылау жүйесін қаланың орталық бөлігіне қарай бағытта, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір маңында орнату жоспарланған.



