Жаңалықтар

Жыл соңына дейін екі медициналық нысан пайдалануға беріледі – ШҚО

Жыл соңына дейін Өскемендегі Ана мен бала орталығы стационарының ғимаратын перзентханаға бейімдеп қайта жаңғырту және ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы хирургиялық корпусының жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.             

Қазіргі таңда Ана мен бала орталығы стационарының ғимаратындағы жұмыстардың 90 пайызы орындалды. Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы хирургиялық корпусының бірінші және үшінші қабаттар жаңғыртылып жатыр.

– Қазір облыс аудандарындағы дәрігерлік амбулаторияларға деген қажеттілікті зерделеп жатырмыз. Әсіресе медициналық нысандарға сұраныс жоғары аудандарға ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар аудандық ауруханаларды жөндеу және қайта жаңғырту, медициналық жабдықтарын жаңарту жоспарлануда. Қазір осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерназ Мұқатаев.

Биыл Өскеменде Гематология орталығының құрылысы аяқталды. Сонымен қатар Зайсан ауданының Қаратал ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Риддер қаласында 600 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button