Жаңалықтар
Жаңа туған нәресте тікұшақпен Өскеменге шұғыл жеткізілді
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары жаңа туған нәрестені Риддер қаласынан Өскеменге шұғыл түрде жеткізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ұшу барысында кішкентай науқастың жағдайын санитариялық авиация дәрігерлері тұрақты бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмек көрсетті.
– Санитариялық авиация рейстері төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін аса маңызды, – делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.



