Қытай азаматы шекарадан заңсыз ақша алып өтпек болған

Майқапшағай кеден бекетінен заңсыз ақша алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды. Оның сөмкесінде 20 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақша болған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Биылғы 8 мамырда тексеріс барысында Қытай азаматының сөмкесінен декларацияламаған шетел валютасы анықталған. Оның сөмкесінде 20 мың АҚШ доллары көлеміндегі 8 мың еуро, 9 250 ресей рублі болған.

Заң бойынша бір адам шекарадан 10 мың АҚШ долларына дейінгі соманы ғана кеденге көрсетпей алып өте алады. Бұл мөлшерден асатын жағдайда міндетті түрде декларация толтырып, көрсетілуі тиіс. Ал бұл азамат көрсетілген сомадан көп қаржыны жасырып өткізбек болған.

– Шекарадан өтпес бұрын қолдағы ақша сомасын нақтылап, кеден заңын ескерген жөн. Ереже бұзылған жағдайда айыппұл салынып, ақша тәркіленуі мүмкін», – дейді ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, заң бұзушыға 2,4 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Сонымен қатар, 19 мың АҚШ долларынан астам сома мемлекет пайдасына тәркіленген.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button