ШҚО-да «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
Шығыс Қазақстан облысында «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қыс мезгілінде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға қызметтердің жедел әрекет ету дайындығын бағалау, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылын үйлестіру деңгейін тексеру.
– Оқу-жаттығу барысында қатысушылар жылу трассасындағы апаттық жағдайды жою, жылу электр орталығында шыққан өртті сөндіру, қар көшкіні астында қалған адамдарды құтқару, жолаушыларды эвакуациялау және автожолдарды қар құрсауынан тазарту жұмыстарын пысықтады. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттерінің дайындығы тексерілді, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқу-жаттығу нәтижесінде азаматтық қорғау қызметтерінің күрделі қысқы жағдайларда бірлесіп әрекет ету және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету дайындығы бағаланды.




