Жаңалықтар

Риддерде жаңа спорт нысандары салынады

Алдағы жылдары Риддердегі Матренин Соколок төбесінде оқу-жаттығу кешені мен трамплиндер салынады. Бұл туралы Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы басшысы Алдияр Темірбеков мәлімдеді.   

Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдерді шаңғы жарысы мен тау шаңғысына үйрететін республикалық оқу-жаттығу орталығын салу бойынша конкурс өткізілді.

– Жаңа нысан шаңғы-роллер трассасының жанында, яғни «Сокол» стадионына жақын маңда орналасады, – деді Алдияр Темірбеков.

Жоба бойынша көрермендерге арналған трибуналары бар ғимарат пен тау шаңғысы жолын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жарыстарға қатысу үшін басқа аймақтан келетін спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған қонақүй салу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар, шаңғымен тұғырдан секіруге арналған екі трамплин салу көзделген.

Алдияр Темірбековтың айтуынша, қазір жобалаушылар бөлінген жер учаскесіне қандай көлемдегі нысандарды орналастыруға болатынын зерттеп жатыр.

Бастапқыда К-20 және К-40 үлгісіндегі екі трамплин салу жоспарланған. Алайда қазір олардың көлемін үлкейту мүмкіндігі қарастырылуда. Жобалау жұмыстарын 2027 жылдың мамыр-маусым айларында аяқтау жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button