Жаңалықтар

Демалыс базасы ШҚО тұрғынына алдын ала төлемді қайтарудан бас тартқан

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны жергілікті демалыс базаларының бірінен үйді алдын ала брондап, ақшасын төлеген. Алайда тұрғын белгілі бір жағдайларға байланысты сапардан бас тартуға мәжбүр болған. Әйел бұл туралы демалыс орнының әкімшілігіне алдын ала хабарлап, төлеген ақшасын қайтаруды сұраған. Бірақ оған қаражатты қайтарудан бас тартқан, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

Өз құқығын қорғау үшін тұрғын ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген.

Департамент мамандары кәсіпкермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, демалыс орнының басшылығына «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң талаптарын еске салды.

Заңнамаға сәйкес, орындаушы төлем жасалғанға дейін қызмет туралы толық және шынайы ақпаратты екі тілде (мемлекеттік және орыс тілдерінде) ұсынуға міндетті.

Департамент мамандары араласып, заң талаптары түсіндірілгеннен кейін әйелге алдын ала төлем толық көлемде қайтарылды.

– Үйлерді немесе нөмірлерді жалға алу үшін алдын ала төлем жасамас бұрын, демалыс базаларының сайттары мен парақшаларындағы ақпаратты мұқият оқып шығу керек. Брондаудан бас тарту және ақшалай қаражатты қайтару шарттары туралы құжаттамалық растаманы міндетті түрде сұратыңыз, – дейді департамент мамандары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button