Жаңалықтар
Өскеменде Үлкен Нарын ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Ертең облыс орталығында жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
7 қараша күні сағат 08:00-ден бастап Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
«Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында (Жібек жолы көшесі, 44) Үлкен Нарын ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді.
Жәрмеңкеде ұсынылатын өнімдер:
Сиыр еті – 1,2 тонна;
Жылқы еті – 1,4 тонна;
Қой еті – 0,3 тонна;
Қымыз – 600 л;
Балық өнімдері – 0,4 тонна;
Күнбағыс майы – 300 л;
Бал өнімдері – 0,6 тонна.
Сонымен қатар «Дос-Нар» сауда үйінде (Виноградов көшесі, 17а) жәрмеңке өтеді.



