Жаңалықтар

ШҚО-да «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

5-20 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Іс-шара жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауға, сондай-ақ заңсыз аң аулау, балық аулау және ағаш кесу деректерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған.

– Аталған кезеңде полиция қызметкерлері табиғат қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Аңшылық алқаптары, су айдындары, көлік құралдары, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдерді қабылдау және сату орындары тексеріледі. Негізгі назар браконьерлік деректерінің, қаруды заңсыз сақтау және пайдалану фактілерінің, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласын қоса алғанда, табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесуге аударылады, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button