Жаңалықтар
Өскеменді айналып өтетін жол салу жоспарлануда
Шығыс Қазақстан облысында транзиттік жүк көліктерінің қозғалысына арналған айналма жол салу мәселесі пысықталып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Сұлтановтың айтуынша, жаңа жол Ресей мен Қытай бағытында қатынайтын транзиттік жүк көліктерінің Өскемен қаласына кірмей өтуіне мүмкіндік береді.
– Жобаны жүзеге асыру қаланың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтып, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізеді, – деді Әсет Сұлтанов.
Жобаның алдын ала құны 50 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Әзірге айналма жол салу мәселесі пысықталу сатысында.



