БастыЖаңалықтар
Күршімдік Маденовтар отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы атанды

Астана қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының республикалық кезеңі аясында үздік отбасыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Аталған байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан Күршім ауданының намысын қорғаған Маденовтар отбасына статуэтка мен арнайы қаржылай сертификат табысталды.
Бұл – отбасы құндылықтарын дәріптеп, өнегелі тәрбие мен ұрпақ сабақтастығын насихаттап жүрген жанұяға көрсетілген зор құрмет.



