Жаңалықтар
Зайсан мен Катонқарағай әуежайлары 2027 жылдың мамыр айында пайдалануға берілуі мүмкін

Зайсан, Катонқарағай және Кендірлідегі жаңа әуежайларды келесі жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
– 2027 жылдың мамыр айында Зайсан, Катонқарағай және Кендірліде жаңа әуежайларды пайдалануға беру жоспарланған. Ал маусым айында әлемдік ірі компанияны тарта отырып, Астанада жаңа әуежай құрылысын бастау жоспарлануда, – деді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар 2027 жылдың соңына дейін «Бақты – Аягөз» теміржол желісін пайдалануға беру жоспарланған.



