БастыЖаңалықтар

ШҚО әкімі құтқарушы күнімен құттықтады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.

«Бүгін ерлік пен батырлықты серік еткен құтқарушыларымыз кәсіби мерекесін атап өтуде! Бұл – қайсарлықты, батылдық пен жанқиярлықты бойына сіңірген жандар. Олар өрт, су тасқыны, апаттар мен табиғи зілзалалар кезінде алғашқылардың бірі болып көмекке келеді. Қауіп-қатерге толы ортада, әр секунд шешуші рөл атқаратын, ал қателіктің құны тым жоғары болатын жағдайда қызмет етеді.

Таулары мен ормандары, өзендері мен қатал климаты бар Шығыс Қазақстан үшін құтқарушылардың еңбегі айрықша маңызды. Әрбір құтқарылған өмірдің артында кәсіби шеберлік, ұстамдылық және өзгенің өмірі үшін өз басын қатерге тігуге дайындық тұр.

Шығыс Қазақстан облысының барша тұрғындары атынан құтқарушыларымызға ерлігі, қызметтік борышына адалдығы және өз кәсібіне деген берілгендігі үшін шынайы алғысымды білдіремін!

Нағыз кәсіби мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеген сала ардагерлеріне ерекше ризашылығымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, әрдайым жаныңыздан табылатын сенімді әріптестер және тыныш кезекшілік тілеймін.

Әрбір шақырту адам өмірін құтқарумен аяқталып, әр құтқарушы өзін жақсы көріп, асыға күтетін шаңырағына әрдайым аман-есен оралсын!

Құтқарушылар күні құтты болсын!», – деді облыс әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button