БастыЖаңалықтар
Өскемен әкімі жылы аялдамалардың жағдайына қатысты сын айтты

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов жылы аялдамалардың санитарлық жағдайы мен күтіміне қатысты мәселелерді көтерді.
Әкімнің айтуынша, тұрғындар аялдамалардың ішінде үйсіз адамдардың түнеп жүретінін, жағымсыз иіс барын, кейбір павильондарда жылу мен жарықтың жоқтығын айтып шағымданады.
«Біз оларды орнатып жатырмыз, бірақ тиісті бақылау жоқ. Бұл аялдамаларға біреу қызмет көрсете ме? Егер сапасыз қызмет көрсетілсе, тәртіпке келтіру керек. Жағдайды анықтап, мәселені шешіңіздер!» – деп тапсырды Алмат Ақышов.
Айта кетейік, Өскеменде жаңа жылы аялдамалар орнату жұмыстары жалғасып жатыр. Соның бірі – Ушанов алаңындағы павильон.



