Жаңалықтар
Өскеменде жәрмеңке өтеді
19 қыркүйекте облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жәрмеңке сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында (Жібек Жолы көшесі, 44) және «Дос-Нар» сауда үйінде (Виноградов көшесі, 17а) өтеді.
Жәрмеңкеде ет, шұжық және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, бал және тағы басқа да өнімдерді қолжетімді бағада сатып алуға болады.
Айта кетейік, «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында өтетін жәрмеңкеде Алтай ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылады.



