Өскеменде Алтай ауданының мәдени күндері өтеді

17-19 қыркүйек аралығында Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында Алтай ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
17 қыркүйек сағат 10:00-де Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылады.
18 қыркүйек сағат 10:00-ден бастап Арбатта ауданның табиғаты, туризмі, экологиялық бастамалары, мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы ақпарат алып, заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің Алтайға ұсынып отырған жаңа мүмкіндіктерімен таныса аласыздар.
Сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Алтай: цифрлық болашақ аумағы» көрмесі өтеді. Көрмеде ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, жетістіктері мен жаңа жобаларын, заманауи шешімдерін көре аласыздар.
Сағат 18:00-де филармонияның концерт залында Алтай ауданының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен үлкен концерттік бағдарлама ұсынылады.
19 қыркүйек сағат 08:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілердің жаңа өнімдері, мол таңдау және барлық өнімді аудан өндірушілерінің өзінен тікелей сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.



