Жаңалықтар

ШҚО делегациясы ШЫҰ-ның цифрлық экономика форумына қатысып жатыр

15 қыркүйекте Үрімжі қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Цифрлық экономика форумы – 2026 халықаралық деңгейде өз жұмысын бастады. 

Іс-шараға шамамен 500 қатысушы, оның ішінде 200-ден астам шетелдік делегат – мемлекеттік органдардың, бизнестің, жоғары оқу орындарының, сарапшылар және IT-қоғамдастық өкілдері қатысып жатыр.

Форум жұмысына Шығыс Қазақстан облысының делегациясы да қатысуда.

Делегация құрамына университеттер мен колледждердің өкілдері, креативті индустрия өкілдері, кәсіпкерлер, сондай-ақ IT және заманауи технологиялар саласында жұмыс істейтін мамандар мен компаниялар кірді.

Форумның негізгі тақырыптары – цифрландыру, жасанды интеллект, цифрлық сауда және халықаралық технологиялық ынтымақтастық.

«Шығыс Қазақстан үшін мұндай халықаралық алаңға қатысу – халықаралық байланыстарды кеңейтуге, жаңа серіктестер табуға және технология, білім беру, туризм мен кәсіпкерлік салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді» – дейді делегация жетекшісі, туризмді дамыту кеңесінің төрағасы, халықаралық қатынастар бойынша кеңесші Сымбат Рамазанов.

Екі күн бойы Шығыс Қазақстан облысының делегаттары форум жұмысына, іскерлік кездесулерге және тәжірибе алмасуға қатысады. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button