Жаңалықтар
Өскеменде ағаштар кесіліп жатыр
Өскеменде Ушанов алаңынан Комендантка көпіріне дейінгі учаскеде ағаштар кесіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Таза-Өскемен» КМК мәліметінше, қалада тұрғындар мен көлік қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін ағаштарды бұтау және қураған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Қураған және зақымданған ағаштар мен бұтақтар қатты жел кезінде сынып немесе құлап, тротуарларға және жақын орналасқан тұрғын үйлерге зақым келтіруі мүмкін, – делінген хабарламада.



