Жаңалықтар
«100 млн теңге»: 16 жылдан бері іздеуде жүрген борышкер табылды

2010 жылы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Бұқтырма су қоймасының жағалауында тұрғын үй салу үшін бизнес серіктесіне 100 миллион теңгеден астам қаржы берген. Алайда кейіннен жағдай өзгеріп, қаржылық міндеттемелер орындалмай қалған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, әйел адам бұрынғы тұрғылықты мекенжайынан көшіп кетіп, байланысқа шықпай қойғаннан кейін, сот орындаушысы оған іздеу жариялаған. Ұзақ уақыт бойы оның жүрген жерін анықтау мүмкін болмаған.
Облыстық көші-қон қызметі қызметкерлерінің жүргізген жұмысы нәтижесінде іздеуде жүрген әйелдің көрші мемлекет аумағында жүргені анықталды. Оның орналасқан жері туралы ақпарат одан әрі шаралар қабылдау үшін тиісті органдарға берілді.



