БастыЖаңалықтар
Республика күні: қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады

Қазақстандықтарды қазан айында Республика күніне байланысты қатарынан үш күндік демалыс күтіп тұр.
Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер 24, 25 және 26 қазанда, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады.
Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері 24 және 25 қазанға түседі.
Жалпы, қазан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, алты күндік жұмыс аптасында 6 демалыс күні болады.



