БастыЖаңалықтар

ШҚО-да Қиын-Керішті дамытуға инвестор іздеп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында танымал туристік нысандардың бірі – Қиын-Керіш шатқалын кешенді дамыту жоспарланып отыр. Бұл бағытта аумақты абаттандыру және қажетті туристік инфрақұрылым құру үшін инвестор тарту мәселесі қарастырылуда.

Күршім ауданында бүгінде жалпы сыйымдылығы шамамен 180 орын болатын алты туристік нысан тіркелген. Ауданда экологиялық және рекреациялық туризмді дамытуға басымдық беріліп отыр.

Өңірдегі туристер көп баратын орындардың қатарында Қиын-Керіш шатқалы, Шекельмес мүйісі, Бұқтырма су қоймасының жағалауы және Зайсан көлі бар.

Қиын-Керіш аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, демалып отырыуға арналған  орын мен ақпараттық бағыттаушы белгілер орнатылған. Бұл табиғи нысанға келушілер үшін жағдайды біршама жақсартуға мүмкіндік берді.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қиын-Керішті одан әрі кешенді дамыту үшін инвестор тарту мәселесін пысықтауды тапсырды. Жоспар бойынша аумақта қажетті инфрақұрылым құрылып, туристерге қолайлы жағдай жасалуы тиіс.

– Туризмді дамыту үшін демалушыларға қажетті жағдай жасау маңызды. Қиын-Керіште беседкалар мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылды. Ендігі қадамымыз – аумақты абаттандыруға инвестор тарту, – деді облыс әкімі.

Осы бағыт бойынша аудан әкімі мен облыстық басқармалар басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button