ШҚО-да туристік сала өкілдеріне арналған байқау жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай кәсіпкерлер мен туристік сала өкілдеріне арналған «Қазақстандық Алтай – әсерлер аумағы» байқауы жарияланды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Байқаудың мақсаты – өңірдің туристік әлеуетін сапалы дамытуға және ілгерілетуге үлес қосып жүрген үздік туристік сала өкілдерін анықтап, ынталандыру.
Конкурсқа туристік операторлар, қонақ үйлер, демалыс базалары, қонақ үйлер (гостевой дом), санаторийлік-сауықтыру және пантамен емдеу кешендері, туристік объектілер, қоғамдық тамақтандыру ұйымдары, музейлер, экскурсиялық ұйымдар, этномәдени объектілер және туристік қызметтер көрсететін өзге де субъектілер қатыса алады.
Байқау алты номинация бойынша өтеді:
– «2026 жылғы ШҚО-ның үздік қонақ үйі»;
– «2026 жылғы ШҚО-ның үздік демалыс базасы»;
– «2026 жылғы ШҚО-ның үздік сауықтыру нысаны»;
– «2026 жылғы ШҚО-ның үздік туроператоры»;
– «2026 жылғы ШҚО-ның туризм саласындағы үздік блогері»;
– «Туризмді дамыту мәселелерін белсенді жариялағаны үшін».
Конкурсқа қатысу өтінім негізінде жүзеге асырылады. Байқауға қатысу үшін өтінімдерді 21 қыркүйекке дейін тапсыру қажет.
Байқау ережесімен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/documents/details/1065647?lang=kk
Өтінімдер тиісті номинациялар бойынша Google Forms арқылы мына сілтеме бойынша қабылданады: https://forms.gle/7dMD2M4XGSxVpywd9
Айта кетейік, байқауды ШҚО Туризм және инвестициялар басқармасы ұйымдастырып отыр.



