БастыЖаңалықтар

Тұғылда құны 6 млн еуро болатын балық өңдеу кешені салынады

Бүгін Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында өңір үшін маңызды инвестициялық жобаның құрылысына алғашқы қадам жасалды. «Zaisan See» ЖШС-нің жаңа балық өңдеу кәсіпорны аумағында естелік капсула салу рәсімі өтті.

Жобаның ерекшелігі – балық өсіруден бастап, оны өңдеу, салқындату, мұздату, сақтау, қаптау және дайын өнімді ішкі әрі экспорттық нарыққа шығаруға дейінгі толық өндірістік циклдің бір жерде жүзеге асуы.

Жобаға Польша Республикасынан шетелдік инвестор тартылған. Инвестиция көлемі 6 миллион еуроға дейін жетеді.

Кәсіпорын жылына 2 мың тоннаға дейін дайын өнім өндіруге қауқарлы болады. Сонымен қатар мұнда кемінде 100 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Кәсіпорынның бірінші кезеңін 2027 жылғы тамызда пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button