Жаңалықтар

ШҚО-да ауыл тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Ұлан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, ауылдық жерде тұратын 52 жастағы тұрғынның үйін тексеру кезінде полицейлер тұтас бір арсеналды тәркіледі. Оның ішінде тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтан жасалған бір ұңғылы кесінді, сигналдық револьвер және 50-ге жуық патрон болған.

Ер адам қару мен оқ-дәрілер оған қайтыс болған ағасынан қалғанын айтқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық полиция департаменті қаруды және оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау және алып жүру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Қару немесе оқ-дәрілер табылған жағдайда оларға қол тигізуге немесе өз бетінше орнын ауыстыруға болмайды. Бұл туралы дереу полицияға хабарлау қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button