Өскеменде PET DOG FEST 2026 фестивалі өтеді

Өскемендегі этносаябақта PET DOG FEST 2026 отбасылық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
5 қыркүйек күні сағат 11:00-де Комсомол аралындағы этносаябақ аумағында жануарларды жақсы көретін жандарға арналған PET DOG FEST 2026 фестивалі өткізіледі.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын іс-шараға қатысуға шақырады.
Қонақтарды қызықты бағдарлама күтеді: иттерге арналған көңілді жарыстар, квест, аниматорлар, шеберлік сабақтары, жәрмеңке, үй жануарларына арналған DOG SPA, DOG BAR, байқаулар, түрлі ойын-сауықтар.
Сонымен қатар қонақтарға дәмді тағамдар ұсынылатын food-зона жұмыс істейді.
Іс-шара аясында жалпы көлемі 300 келі жемнің арнайы ұтысы ұйымдастырылады. Сондай-ақ фестиваль серіктестері қатысушыларға арналған көптеген сыйлықтар мен бағалы жүлделер дайындады.
Фестиваль барысында арнайы PET DOG MONEY ойын валютасы қолданылады. Қатысушылар байқауларға, квесттерге қатысу арқылы PET DOG MONEY жинап, оны сыйлықтар мен жүлделерге айырбастай алады.
Сонымен қатар палау жәрмеңкесі өтеді. Палауды сатудан түскен барлық қаражат қаладағы жануарларға арналған панажайларға көмек көрсетуге бағытталады. Бұл бастама фестиваль қонақтарына мерекелік шараға қатысумен қатар, жануарларға қолдау көрсетуге өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Кіру тегін.



