Жаңалықтар

Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші ұсталды

Өскеменде полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген және бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған автокөліктің бағытын анықтап, Назарбаев даңғылы маңында тоқтатқан.

– Көлік тізгінінде 27 жастағы ер адам болған. Тексеру барысында оның сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатын болады, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button