Жаңалықтар
Өскемендегі Мирный кентінде көлік қозғалысына шектеу қойылады

Облыс орталығындағы Мирный кентінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы «Өскемен Водоканал» МКК хабарлады.
– 2-7 қыркүйек аралығында «Карбышев, Целинная көшелеріндегі су құбыры желілерінің учаскелерін қайта жаңғырту» жобасын іске асыру аясында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысы шектеледі, – деп хабарлады «Өскемен Водоканал» кәсіпорыны.
Кәсіпорын қызметкерлері жүргізушілерден уақытша шектеулерді ескеріп, балама бағыттарды алдын ала таңдауды сұрайды.




