ШҚО-да қанша тұрғын үй апатты жағдайда тұр?
Былтыр Шығыс Қазақстан облысында апатты жағдайдағы көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелерін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы бекітілді.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында 47 көппәтерлі тұрғын үй апатты жағдайда тұр. Аталған үйлерде жалпы саны 910 адам тұрады.
Жол картасына сәйкес, апатты үйлерді бұзып, тұрғындарды кейіннен жаңа баспанаға көшіру жұмыстары 2029 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланған.
Оның ішінде:
Өскемен қаласында – 37 үй;
Риддер қаласында – 4 үй;
Белоусовка кентінде – 1 үй.
Өскемендегі апатты тұрғын үйлердің бір бөлігі өнеркәсіп кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймағында орналасқан. Атап айтқанда, олар Гастелло, Краснознаменная, Үшкемпіров, Промышленная, Куйбышев көшелерінде және Абай даңғылы, 106А мекенжайында орналасқан.
Қалған апатты тұрғын үйлер Аблакетка, Сол жағалау және Гавань аудандарында орналасқан.



