Жаңалықтар

Үлбі шағын ауданында балалар және воркаут алаңы ашылды – Өскемен

Өскемен қаласының Үлбі кентіндегі Носикова көшесінде абаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындарға арналған жаңа қоғамдық кеңістіктер пайдалануға берілді.

Жаңарған аумақтың ашылуына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Енді кент балалары жаңа ойын алаңында ойнап, уақытын көңілді өткізе алады. Ал жастар мен спорт әуесқойлары воркаут, волейбол және футбол алаңдарында жаттығуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар тұрғындардың демалып, таза ауада уақыт өткізуіне арналған жайлы орындар жасалды.

Айта кетейік, жобаны жүзеге асыруға 96,5 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button