Жаңалықтар

ШҚО-да туған қызын алты жасынан зорлап келген әке ұсталды

ШҚО-да әкесі өз қызына бірнеше жыл бойы жыныстық зорлық көрсетті деген күдікке ілініп отыр.

Kriminal Kazakhstan ақпаратына қарағанда, Риддер қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық-зомбылық ісі бойынша тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, қазір шамамен он төрттегі қыз бала алты жасынан бастап өз әкесінен зорлық көрген.

Күдіктіні шілде айының басында полиция қызметкерлері жұмыс орнындаұстады.

ШҚО ПД ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі – «Кәмелетке толмаған адамды зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеужүріп жатқанын растады. Істің мән-жайын анықтау үшін сот сараптамалары тағайындалып, барлық қажеттітергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін полиция істіңбасқа мәліметтерін жария етпейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button