БастыЖаңалықтар

Рахман қайнарына апаратын жолдың қанша бөлігі жөнделді?

Биыл алғаш рет Рахман қайнарына дейін толыққанды асфальт жол салынуда. 

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автомобиль жолының 437–450 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Рахман қайнарына жеңіл көлікпен жету мүмкін емес еді. Жол тар, ой-шұңқыры көп, жартасты кедергілері мен күрделі таулы бедері салдарынан қозғалыс тіпті жол талғамайтын көліктер үшін де қиын болатын. Биылдан бастап шипажайға дейінгі 13 шақырым жол жөнделіп, асфальт жайылуда. Жұмыстарды «СК Зайсан» мердігер ұйымы жүргізіп жатыр.

Бұл автожол өңірдегі көлік қатынасын қамтамасыз етумен қатар, туризмді дамытуда да маңызды рөл атқарады

Жоба аясында қазіргі уақытта келесі жұмыстар орындалды:

  • 11,8 шақырымда қара қиыршықтастан негіз қабаты төселді;
  • 5 шақырымда жабынның жоғарғы қабаты төселді.

Жолды жаңарту көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттырып, туристік нысандардың көлік қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған бағыт өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, туристер ағынын ұлғайтуға және Шығыс Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жақсартуға ықпал етеді, – делінген «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button