Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы биыл елімізде Құрбан айт мерекесі қай күні басталатынын айтты.
– Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірқатар алыс та жақын мұсылман елдердің ғұламаларымен, пәтуә шығару орталықтарымен кеңесіп, осындай пәтуә қабылдады, – деді Бас мүфти ҚМДБ-да өткен баспасөз мәслихатында.



