Өндірістегі жарақат: ШҚО үшінші сатыда тұр
Шығыс Қазақстан өндірістік жарақат бойынша антирейтингінің үшінші сатысында тұр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жалпы еліміздегі өндіріс орындарында өткен жылы 2 471 оқыс жағдай болған. Өндірістегі өлім 24,8 пайызға азайды.
Ең аз жарақат саны Жетісу облысында, Шымкентте және Солтүстік Қазақстанда тіркелген. Шығыс Қазақстан облысы зардап шеккендер саны бойынша үшінші орында тұр.
Жазатайым оқиғалар көбінесе өңдеу өнеркәсібі, тау-кен саласы мен денсаулық сақтау саласында жиі болады.
Кәсіптік аурулар ішінде жиі кездесетіні – арқа ауруы мен шаң ингаляциясынан туындайтын пневмокониоз.
Зардап шеккендердің басым бөлігі 30-45 жас аралығындағы білікті жұмысшылар.



