Қаламгер тойына орай этнокуйз өтті
Катонқарағай ауданында көрнекті жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойына орай \»Этнокуиз\» танымдық- зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.
Зияткерлік сайысқа өңірдің әр түкпірінен келген командалар қатысып, білім мен тапқырлықтарын ортаға салды.
Сайыс қорытындысы бойынша жоғары білім мен тапқырлық танытқан \»Арайлы Катонқарағай\» тобы 1-орынды иеленді. Өскемен қаласынан келген \»Бұқар жырау\» тобы 2-орынды қанжығасына байласа, Самар ауданынан келген команда 3-орынға тұрақтады.
Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай жүлделер табысталды.



