«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы Қазақстандағы білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
Жобаның басты мақсаты – оқушылар мен педагогтар үшін қауіпсіз, қолайлы және заманауи оқу жағдайларын жасау, сонымен қатар жайлы атмосфера қалыптастыру.
Шығыс Қазақстан облысында аталған жоба аясында 2100 орындық бес мектеп құрылысы аяқталды. Бұл оқу орындары Шемонаиха, Риддер, Өскемен қалаларында және Белоусовка кентінде салынды.
Сонымен қатар, Ұлттық жоба аясында облыс бойынша 900 орындық екі мектептің құрылысы жалғасуда: бірі – 300 орындық мектеп Опытное Поле ауылында , екіншісі – 600 орындық мектеп Өскемен қаласындағы Есенберлин даңғылында.
Бүгінгі күні Опытное Поле ауылындағы мектепте ішкі әрлеу жұмыстары, ішкі инженерлік желілерді жүргізу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Нысанды аяқтау ағымдағы жылдың 30 маусымына жоспарланған.
«Жайлы мектеп» жобасы өңірдегі білім беру кеңістігінің келбетін айтарлықтай өзгертіп отыр.
Заманауи мектептер сапалы білім беруге ғана емес, әрбір оқушының қабілетін ашуға да мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді перспективада бұл білім нәтижелері мен оқу процесіне қатысушылардың қанағаттанушылық деңгейіне оң әсер етіп, келер ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.