Өскеменде апатты жағдайда тұрған 38 үй бар. Бұл жөнінде қала әкімі Алмат Ақышов айтты. Бұл үйлердің тұрғындары – 123 адам қазір пәтер кезегінде тұр.
Ескі үйлердің көбі 1950-1960 жылдары салынған. Үйді күтіп ұстау тұрғындардың өздеріне жүктелген, бірақ тозған баспана иелерінің көпшілігі – зейнеткерлер.
Қала әкімдігі тұрғындарды жаңа баспанаға көшіру үшін 600 млн теңге қажет екенін айтады.
Бұл қаражат облыстық бюджеттен бөлінсе, жаңа пәтер алуға мүмкін туады. Ескі үйлерді жаңартуға болады, бірақ оған, мамандардың айтуынша, инвестиция тарту қажет.
Ал апатты үйлер негізінен Аблакетка, Согра секілді шеткі аудандарда орналасқан.
Қала әкімі тұрғындардың өз үйлерінен көшуге құлықсыздығы да мәселені түбегейлі шешуге кедергі екенін атап өтті.