А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың IT-бөлімі IT-мамандығының студенттерімен бірлесе отырып, Шығыс Қазақстанның аңыз-әңгімелерін жандандыру жобасын жасады.
- Біздің жобаның басты мақсаты – аңыз-әңгімелердің интерактивті және мультимедиялық нұсқаларын жасау. Біз өңірдің мәдени мұрасына назар аударып қана қоймай, жастардың кітапхана ресурстарына деген қызығушылығын арттыруды көздейміз. Жобаны жүзеге асыру барысында табиғи тілді өңдеу, мәтін құру, сөйлеу синтезі және анимация жасау сияқты нейрондық желі технологиялары қолданылады. Жобада IT мамандығының студенттері шешуші рөл атқарды. Мамандардың жетекшілігімен олар нейрожелілерді реттеп, мәтіндерді талдап және өңдеу алгоритмдерін, мультимедиялық материалдар жасап, жасалған материалдарды арнайы сынақтан өткізді, - дейді кітапхана қызметкері Жансая Әшкенова.
Бұл жобаға қызыққан оқырман «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» (anyz.pushkinlibrary.kz) сайтынан облыстың киелі жерлері мен атақты адамдары жайлы мол мағлұмат ала алады.