Биыл елімізде 13 мың шақырым жол жөнделеді

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өскемен – Шемонаиха және Өскемен-Рахман қайнары бағытындағы жолдар жөнделеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Биыл еліміз бойынша «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады. 

Ал құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын \»Қалбатау – Майқапшағай\», \»Күрті – Қонаев\», \»Қызылорда– Жезқазған\» және \»Ұзынағаш – Отар\» жолдарының реконструкциясы жалғасады. 

Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. Осы бағытта 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында \»Жезқазған – Петропавл\», \»Мұқыр – Құлсары\», \»Қандыағаш – Ембі -Ырғыз\», \»Қостанай – Қарабұтақ\», \»Өскемен – Шемонаиха\», \»Өскемен-Рахман қайнары\», \»Орал –Атырау\» жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. 

Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button