Өскемендегі гидравликалық және пневматикалық құрал-жабдықтар шығаратын SP Jet компаниясы өз ісін заманауи технологиялармен ұштастырып келеді.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев өнім түрі көбейтіп, экспорт көлемін артырған кәсіпорынның жұмысын жоғары бағалады.
«Өнеркәсіп саласын дамыту – аймақ үшін маңызды бағыттардың бірі. SP Jet сынды кәсіпорындарды қолдау жаңа жұмыс орындарын ашуға, инженерлік идеяларды дамытуға, ішкі және сыртқы нарықта отандық өндірістің рөлін нығайтуға мүмкіндік береді», - деген облыс әкімі бәсекеге қабілетті өнім шығарумен айналысатын отандық компанияларға қашан да қолдау барын жеткізді.
Кәсіпорын резеңке, пластмасса және металл бұйымдар, бөлшектер мен тораптар дайындайды. Сондай-ақ арнайы құрал-жабдықтарды құрастырады. Кәсіпорын директоры Александр Строкатовтың айтуынша, мұндағы өнімдерді Шығыс Қазақстанмен қатар өзге өңірлердегі өнеркәсіптік кәсіпорындар он жылдан бері қолданып келеді.