«Есте жүрер есті сөз» атты еңбек оқырманға жол тартты


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-12-2024, 14:35 0

Облыс орталығындағы А.С.Пушкин атындағы кітапханада Өскемен қаласы ақсақалдар алқасының төрағасы, Өскемен қаласының, Күршім, Катонқарағай және Тарбағатай аудандарының Құрметті азаматы Сайлаухан Аухадиевтің «Есте жүрер есті сөз» кітабының тұсаукесері өтті. Еңбек жол көпке үлгі болған, өңір жұртшлығына аты мәлім ақсақал 85 жасқа толып отыр.

Сайлаухан Әбілханұлы 1939 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген. Үлкен Нарын, Марқакөл-Боран, Тарбағатай аудандарында жемісті еңбек етті. 1970-1973 жылдары Үлкен Нарын ауданы, Ленин атындағы колхоздың бас агрономы, 1973-1978 жылдары осы колхоздың төрағасы болды. 1978 жылы Марқақөл ауданына, Боран кеңшарының директоры қызметіне ауысты. 1980 жылы Тарбағатай аудандық мәслихатының бірінші хатшысы болып, 1992 жылы облыстық партия комитетінің хатшысы болып сайланды.  Ел ағасы Тарбағатай ауданында он жыл табысты қызмет етті.

«Алды кең, азаматтығы мол басшы болды. Халықтың рухани өмірінде жақсылықпен аталатын көп із калтырды. Шаруашылық саласындағы жемісті еңбегі Тарбағатай ауданының басшылық қызметіне дейін өсірді. Ақжардағы саябақ,  барлық мектептер жанынан салынған спорттық кешендер, аудан орталығындағы алғашқы базар құрылыстары, ипподром, аэропорт бағытында егілген тоғай, мұз айдыны әлі де халықтың есінде. Ал бұрынғы Большенарым ауданы «Ленин» колхозында еңбек еткен жылдары аты аңызға айналған Бошай Кітапбаевтай ел ағасымен қызметтес болды, тәжірибе жинақтады. Осы колхозда 6 жылдай төраға болып еңбек етті», - деп еске алды кеш қонақтары.

Айта кетуіміз керек, Сайлаухан Әбілханұлы кезінде Антимонополиялық комитеттің алғашқы төрағасы болды. Сонымен қатар ШҚО астық инспекция басқармасының басшысы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ШҚО аймақтық астық инспекцияның бөлім басшысы секілді жауапты қызметтерде болды. Еңбек демалысына шыққаннан кейін  Өскемен қаласында ақсақалдар алқасының төрағасы болып, бүгінге дейін қоғамдық маңызы бар жұмыстарға, рухни-мәдени іс-шараларға белсене араласып келеді.

         Облыстық кітапхана төрінде «Есте жүрер есті сөз» кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты.

Өскемен әкімінің орынбасары Ирина Смит пен қалалық мәслихаттың төрағасы Александр Светаш қаламгерге қала әкімнің құттықтау хатын тапсырып, құрмет көрсетті.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив